"Айтатын жаңалық көп": Дариға Бадықова қуанышты хабарын жеткізді

Бүгін, 16:04 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, ішкі ойын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі өмірінде түрлі кезеңдерден өткенін ишаралап, шынайы сезімін ашық айту әрдайым оңай еместігін жеткізген. Оның сөзінше, кейде адам ішіндегі сырын бөліссе де, өзгелер оны дұрыс қабылдамауы мүмкін.

"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу.

Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы, мен киноның желісі өмірдегідей болсын деймін. Әр үйде, тіпті шетел деп жатқан отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы – біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру – басты мақсатым. "Таптым-ау сені" фильміне барыңыздар, ертең демалыс. Тура өмірдегідей кино көресіздер", – деп жазды Дариға Бадықова.

Тэгтер:

Дариға Бадықова