3 мамырда Хромтау қаласындағы Мир даңғылында өтіп бара жатқан адамдар көптеген пышақ жарақаты бар ер адамды тауып алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға орнына келген полицейлер қаланың 27 жастағы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.
Жедел іс-шаралар барысында марқұмның 22 жастағы танысы ұсталды.
«Хромтау қаласында көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің танысы ұсталды. Алдын ала тергеу барысында олардың спирттік ішімдік ішу кезінде жанжалдасып қалғаны, соның салдарынан күдікті пышақ жарақатын салғаны анықталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ПД.
Ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс бойынша кінәсін мойындау туралы жауаптар алынды.