Астанада көпқабатты үйдің ауласында көлік кішкентай баланы қағып кетті

Бүгін, 15:42 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Иманов көшесіндегі үй ауласында болған. Kia Seltos автокөлігінің жүргізушісі аула аумағымен қозғалып келе жатып, кенеттен жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттарынан бала сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерді аула аумақтарында және тұрғын үй маңында ерекше сақ болуға, балалардың кенеттен жолға шығып кету қаупін ескеруге шақырды. Сонымен қатар, ата-аналарға кішкентай балаларды жолға жақын жерлерде қараусыз қалдырмау керектігі ескертілді.

Тэгтер:

полиция бала бала өлімі көлік оқиға