Өскеменде зауытта жарылыс болды

Бүгін, 09:02 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қала тұрғындары қатты жарылыс дыбысын естіген, содан кейін өрт басталған. Нақты не болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі төтенше жағдайдың мән-жайын хабарлады. Зауыт аумағында «шаң жинағыш қондырғының тарсылы» (хлопок) болған. Осыдан кейін өрт басталып, конструкцияның бір бөлігі құлаған.

«Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық өрт болып жатқаны анықталды. Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін барлау жүргізілуде», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Төтенше жағдай болжам бойынша «Казцинк» аумағында орын алған.

Тэгтер:

Өскемен жарылыс зауыт