«Қазцинктегі» жарылыстан зардап шеккендер саны тоғыз адамға жетті

Бүгін, 10:32 / Қайсар Қалам
Сурет: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тоғыз адам жарақат алған. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазір нысанда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оған ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, кинологтар және дәрігерлер жұмылдырылған. Үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін ТЖМ төрт адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлаған болатын.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрліктер мен ШҚО әкімдігіне қабылданған шаралар туралы есеп беруді тапсырды.

Тэгтер:

Өскемен жарылыс зауыт