Қазақстанда үш айда 317 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

Бүгін, 11:00 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Қазақстанда ақпан-сәуір айларында 317 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осыжылдың ақпан-сәуір айларында ҰҚК СЖҚ қызметімен 317 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді. Жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға жатады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті деп танылды.

198 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, оның 175-і сотқа жолданды.

ҰҚК мәліметінше, аяқталған істер бойынша анықталған шығын көлемі 4,2 млрд теңгені құрады.

Тэгтер:

қылмыс ҰҚК жемқорлық