Нұрлыбек Нәлібаев үкіметке ауысты

Бүгін, 09:00 / Қайсар Қалам
Сурет: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаев 49 жаста. Ол Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының докторантурасында білім алуда.

Еңбек жолын мұнай саласынан бастаған. 90-жылдардың соңында «Қазақойл-коммерция» компаниясында мұнай және мұнай өндіру жөніндегі сарапшы болып жұмыс істеді. Кейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысты. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болды, облыс әкімі аппаратын басқарды, кейін Шиелі ауданына жетекшілік етті. Сегіз жылға жуық уақыт Қызылорда қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

2021 жылы Нәлібаев Премьер-министр кеңсесіне ауысып, онда өңірлік даму мәселелерін қадағалады. Ал 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысын басқарып келді.

Нәлібаев «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағы бар.

Тэгтер:

үкімет Ақорда лауазым Нұрлыбек Нәлібаев