Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 мамыр күні ол қызметінен босату туралы өтініш жазған, ал келесі күні ресми түрде лауазымынан босатылған. 6 мамыр күні таңертең Серікжановты Кеңқияқ ауылындағы үйінен өлі күйінде тапқан.
Полиция 42 жастағы ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысында осындай жағдай тіркелген еді — сол кезде Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов те өлі күйінде табылған.