Оңтүстік Кореяда апелляциялық сот бұрынғы премьер-министр Хан Док Суның бас бостандығынан айыру мерзімін 23 жылдан 15 жылға дейін қысқартты. Бұл туралы Yonhap News агенттігі хабарлады, деп жазады Arasha.kz.
Хан Док Су бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің қысқа мерзімді әскери жағдай енгізуіне қатысы бар деген айыппен сотталған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол 2024 жылғы желтоқсандағы әскери жағдай енгізу кезінде қолдау көрсетіп, үдерісті жеңілдетуге атсалысқан деп танылған.
Сеул Жоғарғы сотының шешімінде экс-премьер көтеріліске қатысы бар әрекеттер арқылы маңызды рөл атқарды деген қорытынды жасалды. Апелляциялық сот төменгі инстанцияның үкімін күшінде қалдырып, Ханды барлық айыптар бойынша кінәлі деп таныды.
Сонымен бірге, бұрынғы премьер-министрдің адвокаттары сот шешімімен келіспейтінін айтып, істі Жоғарғы сотқа дейін жеткізетіндерін мәлімдеді.
Хан Док Су 2024 жылдың қаңтар айынан бері қамауда отыр. Оған бастапқыда 23 жылдық бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.