Пашинян Мәскеудегі парадқа барудан бас тартты

Бүгін, 09:46 / Қайсар Қалам
Сурет:Tom Nicholson/Getty Images

Армян БАҚ-тарының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министріне шақырту жіберген, алайда ол бұл сапардан бас тартқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сапардан бас тартуға елде басталған парламенттік сайлау науқаны себеп болған.

Армения премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 8 және 9 мамыр күндері Никол Пашинян Сюник облысында болып, үгіт-насихат шараларына қатысады. Арменияда парламент сайлауы 7 маусымға белгіленген. Жергілікті БАҚ пен сарапшылардың бағалауынша, бұл науқан ел үшін соңғы жылдардағы ең маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысты пікір білдіріп, Армения басшыларының Ресей астанасындағы парадқа жыл сайын қатысу тәжірибесі болғаны есінде жоқтығын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, өткен жылы Пашинян Ресейге жұмыс сапарымен барған болатын.

Тэгтер:

армения Мәскеу 9 мамыр Никол Пашинян Кремль Жеңіс парады