Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 10:25 / Қайсар Қалам
Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев 1966 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында туған.

Білімі:

Алматы халық шаруашылығы институты (1989)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (1999)

Сырдария ауданы Жамбыл ауылы, экономист (1989-1990)

Сырдария ауданының өнеркәсіптік бірлестігі, экономист, бөлім бастығы (1990-1993)

"Әлем Банк Қазақстан" АҚ, кредит маманы, кредит бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары (1993-1996)

Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі (1996-1997)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқу (1997-1998)

Халық Банкінің Қызылорда облыстық филиалы, директор (1998-2001)

Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, бастығының орынбасары (2002-2004)

Қызылорда қаласының қаржы бөлімі, бастығы (2004-2006)

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт сөндіруші" АҚ, экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті (2006-2008)

Қызылорда қаласының әкімі (2008-2010)

Қызылорда облысының қаржы басқармасы, бастығы (2010-2011)

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі (2011-2013)

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі (2013-2014)

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, басшының орынбасары (2014-2015)
"ҚазАгроӨнім" АҚ, аппарат басшысы (2015-2017)

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, басшысы (2017)

Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі (2017-2021)

Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі (2021-2023)

2023 жылғы наурыздан бастап "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды.

Тэгтер:

тағайындау Облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев