Қытайда бұрынғы екі Қорғаныс министрі жемқорлық үшін өлім жазасына кесілді

Бүгін, 11:31 / Қайсар Қалам
Сурет: 1tv.ge

Қытайда бұрынғы Қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу екі жылдық мерзімге шегерілген өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Екі шенеунік те жемқорлық қылмысы бойынша кінәлі деп танылды. Олардың жеке мүлкі тәркіленді.

Айта кететін жайт, Қытайдың сот тәжірибесінде өлім жазасын орындауды шегеру (отсрочка) әдетте кейіннен мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.

Вэй Фэнхэ Қорғаныс министрлігін 2018 жылдан 2023 жылға дейін басқарған. Оның ізбасары Ли Шанфу 2023 жылы небәрі бірнеше ай ғана қызметте болды. Ол ресми түрде отставкаға кеткенге дейін-ақ қоғамдық кеңістіктен көрінбей кеткен болатын.

Бұл үкім Қытай армиясындағы ауқымды жемқорлыққа қарсы науқан мен жоғары қолбасшылық құрам арасындағы «тазарту» шаралары аясында шығарылды.

Бұған дейін елде Қытай Коммунистік партиясының қатарынан бірнеше жоғары лауазымды генерал, соның ішінде Орталық әскери кеңестің мүшелері шеттетілген еді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бұған дейін армияның «жемқорлықпен күрес барысында революциялық шыңдалудан өткенін» мәлімдеген болатын.

Тэгтер:

Қытай жемқорлық Қорғаныс министрі өлім жазасы