Астанадан Франкфуртқа ұшқан Air Astana ұшағының бір қозғалтқышы істен шықты

Бүгін, 13:33 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Оқиға 8 мамыр күні таңертең болды. Airbus A321 әуе кемесінің экипажы ұшып шыққаннан кейін PAN-PAN шұғыл сигналын беріп, Ақтөбеге шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ бортында 93 жолаушы (оның ішінде төрт бала мен бір нәресте) және тоғыз экипаж мүшесі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұшақ Ақтөбе әуежайына сағат 11:34-те қонды. Қонғаннан кейін борт тұраққа өзі жүріп барды, ал әуежайда қауіпсіздік үшін құтқарушылар кезекшілікте тұрды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, оқиғаға қозғалтқыштың техникалық ақауы себеп болған. Болған жағдай ресми түрде елеулі авиациялық оқиға ретінде танылды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Тэгтер:

Астана Ұшақ Франкфурт қозғалтқыш