Алматы сейсмикалық қауіпсіздік бойынша Жапония тәжірибесін енгізуде

Бүгін, 14:01 / Қайсар Қалам
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда БҰҰ Даму бағдарламасы, Төтенше жағдайлар және апат қаупін азайту орталығының өкілдері мен Жапония сарапшыларының қатысуымен кездесу өтті. Тараптар Жапония Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Орталық Азиядағы апат қаупін азайту жөніндегі өңірлік жоба аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесуде Алматының жер сілкінісіне төзімділігін арттыру, қалалық қызметтердің жедел әрекет ету қабілетін күшейту және сейсмикалық тәуекелдерді басқаруда халықаралық тәжірибелерді енгізу жайы қарастырылды.

Сарапшылар халықты дер кезінде хабардар ету мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
 

Тэгтер:

алматы жапония сейсмикалық қауіпсіздік