Forbes еліміздегі ең дәулетті 75 бизнесменнің рейтингін жариялады

Бүгін, 15:37 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Forbes Kazakhstan еліміздегі ең бай 75 бизнесменнің рейтингін жариялады. Тізімге енгендердің жиынтық байлығы 60,84 млрд долларға дейін өсті, ал бірінші орынды осымен үшінші жыл қатарынан Вячеслав Ким иеленіп тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық миллиардерлер мен мультимиллионерлер бір жыл ішінде айтарлықтай байи түскен. Forbes бағалауынша, рейтинг қатысушыларының жалпы дәулеті 57,5 млрд доллардан 60,84 млрд долларға дейін ұлғайды. Бір қатысушының орташа капиталы 767 млн доллардан 811 млн долларға дейін көтерілді.

Рейтингтің көшбасшылары:

1-орын: Вячеслав Ким. Оның байлығы 7,8 млрд долларға бағаланды. Бизнесменнің негізгі активі - Kaspi тобындағы үлесі. Бір жыл ішінде Кимнің дәулеті 700 млн долларға өскен.

2-орын: Владимир Ким. Оның капиталы - 5,9 млрд доллар. Ол үшінші орыннан екінші сатыға көтерілді. Бизнесменнің негізгі активі - KAZ Minerals тобы. Сондай-ақ, ол Kazakhmys Holding Limited компаниясында үлесі бар және «КСС Финанс» ЖШС арқылы Bank RBK-ның 84,81%-ын бақылайды.

3-орын: Рейтингтің үшінші сатысын байлығы бірдей бағаланған (әрқайсысында 5,4 млрд доллардан) бірнеше адам бөлісті. Олар: Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Болат Өтемұратов.
 

Тэгтер:

рейтинг байлар Forbes