Мәскеудегі Жеңіс парадына қай елдің басшылары қатысып жатқаны белгілі болды

Бүгін, 12:45 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Бас мінбенің бірінші қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ Украинадағы соғыс жауынгерлері мен Ресей Батырлары отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ортада Ресей президенті Владимир Путин орналасқан. Мерекеге Беларусь, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Қазақстан, Словакия, Лаос, Малайзия басшылары және Сербиядан үш өкіл келді: елдің экс-президенті Милорад Додик, қазіргі мемлекет басшысы Синиша Каран және Сербия Халық скупщинасының өкілі Ненад Стевандич.

Әскери парадты Қорғаныс министрі Андрей Белоусов қабылдап жатыр, парадқа тұңғыш рет РФ Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Андрей Мордвичев қолбасшылық етуде.

Тэгтер:

Мәскеу парад Кремль