Шығыс Қазақстандағы шахтада KAZ Minerals жұмысшысы қаза тапты

Бүгін, 11:03 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында KAZ Minerals компаниясының қызметкері қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2026 жылғы 9 мамырда «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында жазатайым оқиға орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды», - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады», - деп көрсетілген хабарламада.

Тэгтер:

қауіпсіздік шахта KAZ Minerals жұмысшы өлімі