Қауіпті вирус тараған круиздік лайнерден ондаған адам шұғыл эвакуацияланды

Бүгін, 09:24 / Ахмет Қанатұлы
AFP via Getty Images

Испанияның денсаулық сақтау министрі Моника Гарсия MV Hondius лайнерінен 94 адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді. Бұған дейін кеме бортында хантавирус індеті анықталған болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, эвакуация операциясының алғашқы күнінде 90-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Круиздік кеме бұған дейін Кабо-Верде аралдары маңында тоқтап, сол жерде хантавирус белгілері байқалған жолаушылар түсірілгеннен кейін Канар аралдарына бағыт алған.

Министрдің айтуынша, эвакуация "толықтай қалыпты жағдайда" өткен. Жолаушылар бірнеше арнайы рейспен елдеріне қайтарылған.

Алдағы уақытта Аустралия мен Нидерландыға тағы екі рейс жоспарланып отыр. Олармен 6 және 18 адам ұшып кетеді деп күтілуде.

Операция толық аяқталғаннан кейін лайнер бортында 34 адам ғана қалады. Содан соң кеме Испанияның Канар аралдары аумағынан шыға алады.

Тэгтер:

кеме хантавирус