АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына жұмсалған шығын 77 миллиард доллардан асты

Бүгін, 11:40 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына қарсы жүргізіп жатқан әскери операциясына жұмсалған шығын көлемі 77 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы 11 мамырда Iran War Cost Tracker интернет-ресурсының деректерінде айтылды.

Мәліметке сәйкес, операцияның алғашқы алты күні Вашингтонға 11,3 миллиард долларға түскен. Есептеу барысында әскери қызметкерлерді қамтамасыз ету, аймаққа жіберілген кемелерді ұстау және өзге де ілеспе шығындар ескерілген.

Шығындарды есептеу әдістемесі АҚШ Конгресіне ұсынылған Пентагон баяндамасына негізделген. Құжатқа сәйкес, алдағы шығындар тәулігіне шамамен 1 миллиард долларды құрауы мүмкін.

Тэгтер:

Иран АҚШ соғыс шығын