Сейсенбі күні Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
12 мамыр күні түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі күшті жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Оңтүстікте, шығыста, тау бөктері мен таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында 12 мамырға қараған түні кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Іле Алатауының таулы аймақтарында, оның ішінде Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде түнде жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда облысының орталығы, оңтүстігі мен шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс және шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстік желі кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 метрге дейін күшейеді. Батыс, шығыс және орталық бөліктерде түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Оңтүстік пен шығыста жоғары, ал оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Солтүстік пен оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда желдің екпіні 23 метрге дейін жетеді. Солтүстік пен шығыста түнде -3 градусқа дейін үсік жүреді. Өңірдің оңтүстік-шығысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі бар. Өскеменде күндіз желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақтауда да күндіз жел 15-18 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Күндіз таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай сақталады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталған. Таразда түнде жаңбыр мен найзағай болады.
Қарағанды облысында батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде -1-3 градус үсік күтіледі.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде -3 градусқа дейін үсік жүреді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс пен оңтүстікте желдің екпіні кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында түнде -1 градусқа дейін үсік жүреді. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік пен шығыста желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығысында түнде -3 градусқа дейін үсік жүреді. Қостанайда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 метрге жетіп, күндіз кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. Батысы мен шығысында түнде -3 градусқа дейін үсік жүреді. Петропавлда да қатты жел күтіледі.
Павлодар облысында батыс және солтүстік-батыс желі секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді. Батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында да қатты жел болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы мен таулы өңірлерінде желдің екпіні 23 метрге дейін жетеді. Солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында күн соңына қарай аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерде желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Астанада түнде -1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.