Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасының қамқорлығына өткен Жәнібекке қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазіргі уақытта ол өзінің туған анасын іздеуді жалғастырып жатыр. Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ізденіс өміріндегі ең маңызды әрі ең ауыр кезеңдердің бірі екенін жазды. Оның сөзінше, биологиялық анасын табуға жанашыр азаматтар мен заңгерлер қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ соңғы уақытта іздеу жұмыстарына үміт ұялататын жаңа деректер пайда болған.
"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.