«Мені зорлады»: Экс-продюсерге қатысты сұмдық мәлімдеме жасалды

Бүгін, 14:55 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Жас қазақстандық Нұрғали Нұғманның әлеуметтік желідегі мойындауы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ол өзінің бейнеүндеуінде бала кезінде сол кездегі «Балапан» балалар бағдарламасының продюсері болған ересек ер адамның тарапынан жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға оның актерлік мансабындағы алғашқы қадамдары кезінде орын алған. Нұғманның пайымдауынша, видеода ол «көке» деп атаған ер адам қызметтік жағдайын пайдаланып, оған тележобалардан рөл алуға көмектескен, кейін өз жұмыс кабинетінде қылмыс жасаған.

– Әдетте түсірілімнен кейін актерлерді арнайы көлікпен үйлеріне тарататын. Бірақ сол күні көкем маған: «Кабинетіме кір, сені үйіңе өзім апарып тастаймын», деді. Ол кезде бала болғандықтан, жаман ойымда жоқ еді. Сондықтан оны кабинетінде күттім. Бірақ ол кірген бойда киімін шеше бастады. Мұның бәрі көз алдымда болды. Бұл туралы айту маған өте ауыр. Бір уақытта ол мені қатты құшақтап, диванға жатқызды. Менің мойным мен бетімнен сүйіп, жалай бастады. Содан кейін киімімді шешіп, мені зорлады. Қатты қорыққанымнан не болып жатқанын толық түсінбедім де, - дейді жас жігіт бейнежазбада.

Әлеуметтік желі қолданушыларын бұл оқиғаның егжей-тегжейі шошытты. Нұғманның айтуынша, оқиғадан кейін оған: «Егер мұны біреуге айтатын болсаң, бұдан былай ешқашан кино мен сериалдарға түсе алмайсың», - деп қоқан-лоққы көрсеткен.

Кейін аталған жайтқа қатысты «Балапан» телеарнасы мәлімдеме жасады.

"2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған. Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады", - делінген телеарнаның хабарламасында.

Тэгтер:

бала зорлау Балапан телеарнасы Нұрғали Нұғман