Ресейдің Краснодар өлкесіне қарасты Гулькевич ауданындағы №1 мектепте 9-сынып оқушысы пневматикалық тапаншадан оқ атқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ura басылымының мәліметінше, полиция қызметкерлері оқ атқан жасөспірімді ұстады. Өңірлік ІІМ басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 9-сынып оқушысы мектеп ғимаратының ішінде бірнеше рет оқ шығарып, кейін оқу орнының аумағынан кетіп қалған.
Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан бірнеше оқушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына құқық қорғау органдары шұғыл жеткен. Жасөспірім ұсталған кезде одан пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.