РФ президенті өткен жылдың маусым айында РФ СІМ басшылық құрамы алдында сөйлеген сөзінде оқ атуды тоқтату және толық форматты бейбіт келіссөздерге жол ашу үшін Зеленский Украина қарулы күштеріне оқ атуды тоқтату және Донбасс аумағынан, яғни Ресей өңірлерінің аумағынан шығу туралы бұйрық беруі тиіс дегенді айтқан. Бұл туралы журналистерге Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, украин әскері шығарылғаннан кейін «оқ ату тоқтатылады және тараптар келіссөздермен жайбарақат айналыса алады». Песков келіссөздердің «өте күрделі болатынын және көптеген маңызды егжей-тегжейлерді қамтитынын» атап өтті.
Украина Қарулы Күштері Запорожье және Херсон облыстарының аумағынан да шығуы керек пе деген нақтылаушы сұраққа Песков: «Президент Путиннің Сыртқы істер министрлігінде жасаған мәлімдемесін қайта оқып шығуды» ұсынды.
2024 жылдың маусым айында Владимир Путин оқ атуды тоқтатудың шарттары ретінде украин әскерін Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарынан шығаруды, сондай-ақ НАТО-ға мүше болудан бас тартуды атаған болатын. Владимир Зеленский бұл ұсынысты сенуге болмайтын ультиматум деп атады.