Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздар асыға күткен қуанышты хабарды айтты

Бүгін, 20:16 / Ахмет Қанатұлы
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Бұдан кейін мұғалім оқушының қауіпсіздігіне тек мектеп ішінде, сабақ кезінде және өзінің қызметтік міндетін атқару барысында ғана жауап береді, деп Arasha.kz тілшісі kznews.kz тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Threads парақшасында жазды. Оның мәліметінше, «Педагог мәртебесі туралы» заңға тиісті өзгеріс енгізіліп, депутаттар әзірлеген заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілген.

"Бұдан былай педагог оқушының қауіпсіздігі үшін тек мектепте, сабақ уақытында және өз лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болады. Президент тамыз кеңесінде ұстаздардың жауапкершілігі тек оқу-тәрбие процесімен шектелуі тиіс екенін қадап айтқан болатын. "Педагог мәртебесі туралы" заңға маңызды өзгеріс қабылданып, авторлық заңымыз Сенатқа жолданды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Тэгтер:

Асхат Аймағамбетов