Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр, ал кей өңірлерде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді – жаңбыр жауып, күн күркірейді, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек ҚР оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі», - делінген хабарламада.
Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, Жетісу облысының таулы аудандарында -1-3 градус үсік күтіледі.
«Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Жамбыл облысының батысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +18+20.
Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +20+22.
Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +27+29.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Ұлытау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +7+12.
Қарағанды облысында да жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +17+22, түнде +2+7.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +26+31, түнде +12+17.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28, түнде +7+12.
Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +15+20, түнде +4+9.
Павлодар облысының шығысында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +13+18, түнде +2+7.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Шығыс Қазақстан облысында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр, кей уақытта қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +9+14.
Түркістан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +13+18.
Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Алматы облысының оңтүстік-шығысында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде болжамды жауын-шашынға байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. СҚО-дағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады», - деп ескертті синоптиктер.