Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен өткен кездесуден фотосурет жариялады

Бүгін, 10:41 / Қайсар Қалам
Сурет: tokayev_online

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен резиденцияда өткен бейресми кездесуден сурет салды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Фотоға қатысты жазбада Президент:

«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямда өткен емен-жарқын әңгіме сәтінен», – деп жазған.

Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері талқылануда.

Тэгтер:

Астана тоқаев Ердоған кездесу сурет