Ресей Мемлекеттік думасы ресейліктерді қорғау үшін басқа елдерге әскер кіргізу мүмкіндігін мақұлдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Депутаттар 13 мамырда қабылдаған заң РФ Президенті Владимир Путиннің шет елдерде қамауға алынған, ұсталған, қылмыстық немесе өзге де қудалауға ұшыраған Ресей азаматтарын қорғау үшін әскери күштерді қолдану өкілеттігін айтарлықтай кеңейтеді.
Тиісті түзетулер «Ресей Федерациясының азаматтығы туралы» заңға және «Қорғаныс туралы» Федералдық заңның 10-бабына енгізіледі.
«Заңға сәйкес, Ресей Федерациясы Президентінің шешімімен РФ Қарулы Күштері шетелдік соттардың немесе Ресей қатыспайтын халықаралық сот органдарының шешімдері бойынша қамауға алынған, ұсталған немесе қылмыстық немесе өзге де қудалауға ұшыраған Ресей азаматтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындауға тартылуы мүмкін», – делінген Мемлекеттік думаның хабарламасында.