Балалар алаңы маңында әдепсіздік көрсеткен семейлік тұрғын қамауға алынды

Бүгін, 12:29 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Оқиға Восточный кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 42 жастағы ер адам подъезде шалбарын түсіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Тұрғындардың сөзінше, ол жақын маңдағы балалар алаңында ойнап жүрген балаларды бақылап тұрған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға куәгерлері ер адамды полиция келгенше ұстап тұрған. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылған. Ер адамның әрекеті видеоға түсіріліп, куәгерлердің айғақтары да бар.

Абай облыстық полиция департаменті ер адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Сот оған 15 тәулікке қамау жазасын тағайындаған.

Алайда аудан тұрғындары бұл жазаны тым жеңіл деп санап, істің қайта қаралуын және кәмелетке толмағандардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтуді талап етуде.

Тэгтер:

полиция Семей Балалар алаңы ер адам әдеп