Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған нәрестенің суретін жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Айта кетейік, Гүлайым Рахмонова өліммен аяқталған жол апатына қатысты тергеу және сот процесі жүріп жатқан кезде бесінші баласына жүкті болған. Алайда оның нақты қашан босанғаны әзірге белгісіз.
Биыл наурыз айында сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді. Дегенмен кішкентай балаларының бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілген.