Алматыда жедел жәрдем қызметкері тарапынан болған жыныстық тиісу туралы шағым тексерілуде, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Әлеуметтік желілерде қыз балаға қатысты жасалған заңсыз әрекеттер туралы жарияланған ақпарат негізінде Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын бастады», - деп хабарлады жұма күні Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, «тексеру шаралары аясында оқиғаның барлық объективті мән-жайы анықталып, қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Шағымдағы деректер расталған жағдайда, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылады».