Ердоған Түркістан тұрғындары үшін кортежін тоқтатып, олармен естелікке суретке түсті

Бүгін, 17:34 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркістан көшелерінің бірінде жиналған тұрғындармен жүздесу үшін өз кортежін тоқтатты. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түркістан облысының әкімдігі Түркі мемлекеттерінің саммитіне бара жатқан Түркия Президентін қала тұрғындарының қалай қарсы алғаны бейнеленген видео жариялады.

«Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне келген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жол жиегінде қол бұлғап тұрған халықты көріп, кортежін тоқтатты. Ол түркістандықтарға шынайы ілтипат білдіріп, олармен бірге суретке түсті»,  делінген хабарламада.

Тэгтер:

халық Түркістан Ердоған фото