Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия» бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық жүріп жатыр, – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі. Сол әскери оқу жаттығу қатысу үшін  Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері Қазақстан аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына жол алды. Жолдың жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты. Әрі қарай Ресейдің аумағына өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстанның бүкіл аумағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді.

«Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына ШЫҰ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника тартылып жатыр.

Оқу-жаттығуда лаңкестердің билікті немесе ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің бірінің аумағының белгілі бір бөлігін басып алынған жағдайда қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған. Қазақстанның Қарулы Күштерінің эшелондары 18 тамызда оқу-жаттығудың өтетін жерге жіберіледі делініп отыр.