Еліміздің бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Бүгін, 08:09 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында және Жетісу облысында жаңбыр жауады деп болжануда.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстік-батысында және Қаратау тауларында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысы мен орталығында желдің екпіні секундына 21-24 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Таңертең Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін.

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр жел дауылды ескерту