Алматы облысында аудандық полиция бастығының орынбасары өз әйелін көлікпен қағып өлірді

18 мамыр, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында жергілікті полицияның жоғары лауазымды шенеунігі ұсталды. Ол өз жұбайын көлікпен қағып, ажал құштырды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Arasha.kz.

Рөлде Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдулдановтың болғаны белгілі болды.

Қайғылы жағдай 16 мамыр күні таңертең Қонаев – Бақанас тасжолында болған. Қабдулданов өзінің қызметтік Hyundai Elantra көлігін тізгіндеген, ал салон ішінде онымен бірге әйелі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол үстінде ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Сөзге келіспеушілік кезінде әйел адам көліктен жол жиегіне шығып кеткен, сол сәтте көлік оны қағып өткен.

«Әйелін көлікпен қақты деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан соңғы демде, оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері өзге мәліметтерді жария етпеді. Алайда тергеу барысын ерекше бақылауда ұстауға уәде берді.

Тэгтер:

полиция Әйел өлімі көлікпен қаққан Бауыржан Қабдулданов