Тағы бір әкім суицид жасады

Бүгін, 09:00 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Тағы да ауылдық округ әкімі өз-өзіне қол жұмсады. Бұл жолы қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысында орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақжар ауданы Майское ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов көз жұмды.

Ол бұл қызметке 2026 жылдың 17 ақпанында тағайындалған. Оған дейін «Майское-Агро» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға кеше болған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы уақытта ауыл әкімдері арасында мұндай жағдайлар жиілеп кетті.

6 мамырда Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылды.

Ал 2025 жылдың желтоқсанында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өмірден озды.

Тэгтер:

суицид әкім Майское ауылдық округі