Бішкекте Қамшыбек Ташиевтің ісі бойынша жабық сот отырысы басталды

Бүгін, 10:02 / Қайсар Қалам
Сурет: ҚР ҰҚМК баспасөз қызметі

Қырғызстан ҰҚМК бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Kloop-қа сілтеме жасап.

Отырыс Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотында жабық режимде өтуде. Іс құпия деп танылған, жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сот залына апаратын дәлізге дейін кіруге шектеу қойылған.

Адвокат Икрамидин Айткуловтың айтуынша, Ташиевке мына баптар бойынша айып тағылған:

Қырғызстанның Бас прокуратурасы айыптау актісін 12 мамырда бекіткен болатын.

Ташиевтің өзі тағылған айыпты мойындамайды және қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

«Тандыр Медиа» басылымының ақпараты бойынша, ҰҚМК экс-басшысы алдын ала сот отырысына келмеді.

Іс бойынша Ташиевтен бөлек тағы алты адам өтуде:

Жалпы бұл іс бойынша жеті адам айыпталушы ретінде тартылған.
 

Тэгтер:

сот Қырғызстан ҰҚМК Қамшыбек Ташиев