Ресей депутаты: «Экономика арнайы операцияның ұзаққа созылуын көтермейді»

19 мамыр, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет Елена Аникино

Мемлекеттік Дума депутаты Ресей экономикасы арнайы әскери операцияның (АӘО) ұзаққа созылуына шыдас бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Новосібір және Кемеров облыстарынан Мемлекеттік Думаға сайланған ҚРКП (КПРФ) Новосібір облыстық комитетінің екінші хатшысы Ренат Сүлейманов «Континент Сибирь Online» басылымына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соғысты аяқтау «қажет».

«Экономика АӘО-ның ұзаққа созылуына шыдас бермейтіні айдан анық. Федералды бюджеттің 40 пайызы ресми түрде қорғаныс пен қауіпсіздікке жұмсалады. Мұндай жағдайда қандай даму, инвестиция немесе капитал салу туралы айтуға болады? Танктер де, снарядтар да тұтынушылық құнға ие емес: экономика оларды өндіргенімен, халық оларды тұтына алмайды. Бұл — таза шығын. Иә, олар қорғаныс саласындағы жұмыспен қамту мен жалақыны қамтамасыз етеді, белгілі бір драйвер қызметін атқарады. Бірақ, сонымен бірге олар инфляцияға және басқа да шығыстардың — әлеуметтік және инвестициялық бағыттардың қысқаруына әкеп соғады», — деді Сүлейманов сұхбатында.

Депутаттың пікірінше, «әскери шығыстарды азайта отырып бюджет қабылдау — аса қиын шаруа емес». Оның ойынша, АӘО аяқталғаннан кейін де мәселелер өздігінен шешіле қоймайды, өйткені жаңа аумақтарды қалпына келтіру және «қазір қолдарына қару алған» және қорғаныс өнеркәсібінде жұмыс істеп жатқандарды жұмыспен қамту мәселесі туындайды.

«Мен 2022 жылы Мариупольді, 2023 жылы Херсон облысының далаларын көрдім: ол жерде үйлер де, кеңестік ирригация жүйесі де қалмаған. Оларды қалпына келтіруді бастап кетті. Бірақ одан әрі де бюджеттен орасан зор қаражат қажет болады», - деп ол.

Тэгтер:

ресей депутат экономика соғыс СВО елдің күйреуі