Тұрсынғали Алагөзовтің капиталы бір жылда 30 млн долларға артты

Бүгін, 15:32 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Forbes журналы жариялаған 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар рейтингінде 58-орынға көтерілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Басылым мәліметінше, оның қазіргі байлығы 160 миллион долларға бағаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. 2025 жылы Алагөзов 130 миллион доллар капиталымен тізімде 61-орында тұрған еді. Forbes кәсіпкердің дәулеті нақты қандай себеппен артқанын көрсетпеген.

Тұрсынғали Алагөзов Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі саналатын GALANZ Bottlers компаниясының иесі және директорлар кеңесінің төрағасы ретінде белгілі.

Айта кетейік, 2024 жылы кәсіпкер Шымкент сыра зауытын сатып алған. Ашық деректер бойынша, ол аталған өндіріс орнына шамамен 40 миллион доллар инвестиция салған.

Мәліметтерге сәйкес, Алагөзов 2026 жылы зауыттың өндірістік қуатын айына 10 мың тонна сыраға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Тэгтер:

Тұрсынғали Алагөзов