Мектептердегі соңғы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды

19 мамыр, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: Zakon.kz

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазақстандық оқушылардың оқуына бір аптадан аз уақыт қалды. Оқу процесі 25 мамырда аяқталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

NUR.KZ сайты биылғы жылы соңғы қоңырауға арналған іс-шаралар, атап айтқанда 9 және 11-сыныптарда қандай форматта өтетінін нақтылаған.

«Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шараны өткізу туралы шешімді мектептер өз бетінше қабылдайды. Бұл ретте мектептің барлық дәстүрі – мектеп пен мұғалімдерге алғыс айту, өлең оқу, ән шырқау және түлектер вальсі қолдау табады», — деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі.

Министрлік барлық мектепте «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өтетінін қосты.

Бұған дейін Қазақстанда аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимаратында ғана өткізілетіні хабарланған болатын. Ал білім беру мекемелерінен тыс жерлерде түлектер кешін өткізуге рұқсат етілмейді.

Тэгтер:

оқушы мектеп соңғы қоңырау