Тоқаев Кения президентімен кездесті

Бүгін, 13:00 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тәуелсіздік сарайы ғимаратында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Уильям Рутон ресми қарсы алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Салтанатты рәсім барысында екі ел басшысы бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Кенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Мемлекеттік сапар аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр.
 

Тэгтер:

тоқаев Кения Уильям Рутон