Маңғыстауда дрон құлады

20 мамыр, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: Lada.kz (Көрнекі сурет)

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының даласында құлаған дрондарды қарап жүрген тұрғындардың видеосы тарады. Қорғаныс министрлігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық желі қолданушылары арасында тараған видеода екі жергілікті тұрғынның алып дронға қызыға жақындағаны көрінеді. Олар ұшу аппаратын жай ғана қарап қоймай, қолымен ұстап та жатыр.

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде шу тудырған бұл видеоның өткен жылы түсірілгенін хабарлады.

«Интернетте тараған ұшқышсыз ұшу аппараты табылған видеоға қатысты мынаны хабарлаймыз: бұл видеоматериал 2025 жылдың 19 маусымында Маңғыстау облысының Қарақия ауданында түсірілген. Аталған дерек бойынша уәкілетті қызметтер бұған дейін тиісті тексеру шараларын жүргізген», – деп мәлімдеді ведомство.

Тексерудің қорытындысы туралы айтылмады. Алайда министрлік қазақстандықтарды күдікті заттар табылған жағдайда оларға жақындамауға, қол тигізбеуге және дереу құзырлы органдарға хабарлауға шақырды.

Тэгтер:

маңғыстау дрон Қорғаныс министрлігі