Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесіне қатысты қуанышты хабарды айтты

Бүгін, 14:10 / Ахмет Қанатұлы
El.kz коллажы

Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесіне қатысты тарихи жәдігерлерді Қазақстанның әр аймағында көрсету идеясын ұсынды. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Неслиханның айтуынша, Қазақстанның аумағы кең болғандықтан, барлық адамның Астанаға немесе Алматыға арнайы барып, Мұстафа Өзтүріктің мұрасын көруге мүмкіндігі бола бермейді.

"Аллаға шүкір, еліміз үлкен, жолымыз да алыс. Сол себепті әр адамның Астанаға немесе Алматыға барып, әкем Мұстафа Өзтүріктің тарихи заттарын көруге мүмкіндігі бола бермейді деп ойлаймын. Мен Қазақстанның басқа аймақтарындағы халық пен келешек ұрпақ та бұл мұраны өз көздерімен көріп, одан рух, күш пен шабыт алғысы келеді деп ойлаймын. Сол үшін Қазақстан бойынша көшпелі көрме жақсы шешім бола ма? Мен үшін халқымның пікірі өте маңызды. Сіздер қалай ойлайсыздар? Қай қалаларда көргіңіз келеді?" – деп жазды Неслихан Өзтүрік.

Тэгтер:

Неслихан Өзтүрік