Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жарияланды

Бүгін, 08:31 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

«Қазгидромет» мәліметі бойынша бүгін Қазақстанда келесідей қолайсыз ауа райы күтіледі:

1. Елдің солтүстігі мен орталығында ауа райының күрт салқындауы және үсік күтіледі.

2. Республиканың басым бөлігінде нөсер жаңбыр, дауыл және ірі бұршақ болжануда;

3. Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл мен аптап ыстық болады.

Жауын-шашынға қарамастан, өңірлердің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталуда.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты ТЖМ қозғалысты шектеуді және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Дауылды ескерту сақталады:

21 мамырда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.       

22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады.

Қостанай қ.: 21 мамырда ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың батысында 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.           

22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады.

Петропавл қ.: 21 мамырда ауа температурасы түнде 4-6 градус жылыға дейін, күндіз                11-13 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

22 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

21 мамырда Ақмола облысында ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Астана қ.: 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қ.: 21 мамырда ауа температурасы күндіз 13-15 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

21 мамырда Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Павлодар қ.: 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

21 мамырда Қарағанды облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

Қарағанды қ.: 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

22 мамырда Абай облысының түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.  Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.

22 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.  Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде                              18, шығысында 7 градус жылыға дейін төмендейді.

 Дауылды ескертулер күтіледі:

 21 мамырда түнде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 21 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.  Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 21 мамырда түнде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 21 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл қ.: 21 мамырда түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. 

21 мамырда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 21 мамырда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

21 мамырда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде сақталады, облыстың оңтүстігінде күтіледі.

Шымкент қ.: 21 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 21 мамырда түннің бірінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

21 мамырда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.         

Қостанай қ.: 21 мамырда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

21 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 21 мамырда жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

21 мамырда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 21 мамырда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

21 мамырда таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кей уақыттарда 23 м/с.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 21 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

21 мамырда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15–20, кей уақыттарда 23 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 21 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

21 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында                15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында сақталады, облыстың орталығында күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.   

Тараз қ.: 21 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 21 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

21 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы қ.: 21 мамырда күннің аяғында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қонаев қ.: 21 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 21 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт каупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

21 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 21 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

 21 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Орал қ.: 21 мамырда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

21 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. 

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 21 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

21 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман.

Облыстың  солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 21 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы ескерту жаңбыр дауыл Қазгидромед