Бұрынғы колледж оқытушысы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Бүгін, 09:06 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының 38 жастағы тұрғыны құрылыс алаңында заңсыз діни уағыздар жүргізген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол өзінің «дәрістерінде» өзге дін өкілдеріне (христиандар, буддистер, шииттер, суфилер) қарсы зорлық-зомбылыққа шақырып, қарулы құрылымдар құру қажеттігін айтқан.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Ол бұрын Атырау политехникалық колледжінде физика-математика пәнінен сабақ берген, кейіннен интернеттегі ақпараттардың әсерімен радикалды идеологияның жетегінде кеткен.

Сот шешімімен ер адам ҚР ҚК-нің 174 (діни алауыздықты қоздыру) және 256-баптары (терроризмді насихаттау) бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

дін сот терроризм