Алматыда пластикалық ота кезінде танымал блогер қайтыс болды

Бүгін, 10:54 / Қайсар Қалам
Сурет: instagram.com/@saule_bazarkhan

Алматыдағы клиникалардың бірінде кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базархан көз жұмды. Бұл қайғылы хабарды әнші Қайрат Нуртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол марқұмның өзіне қарындасындай жақын болғанын атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйелге абдоминопластика – іштің терісі мен май қабаттарын алып тастап, бұлшықеттерін тарылтуға арналған хирургиялық ота жасалған. Мұндай ота әдетте босанғаннан кейін немесе дене салмағы күрт түскен кезде жиі жасалады.

Әзірге өлімнің ресми себебі айтылған жоқ. Белгілі болғандай, полиция қылмыстық іс қозғап, аталған клиника жабылды.

Тэгтер:

тергеу Блогер өлімі пластикалық ота Сәуле Базархан