Атырауда қаза тапқандардың ЖИ арқылы жасалған видеосы әлеуметтік желіде тарады

Бүгін, 10:29 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Instagram желісінде Атырау облысында қаза тапқан адамдарға қатысты жасанды интеллект көмегімен әзірленген видео жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнежазбада марқұм болған төрт адамның бейнесі сөйлеп тұрғандай көрсетілген. Олар өз өкпе-ренішін айтып жатқандай әсер қалдырады. Алайда видеодағы сөздер қаза тапқандардың өз дауысы немесе өмірінде айтқан нақты пікірі емес. Бұл – жасанды интеллект арқылы жасалған көркемделген контент.

Аталған видеоны Instagram желісіндегі avatar_elite парақшасы жариялаған.

Тэгтер:

Атырау облысы ЖИ жоғалған отбасы