"Сөйлей алмай қалдым": Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі ұлымен кездескенін айтты

Бүгін, 13:26 / Ахмет Қанатұлы
Alash.kz коллажы

Атыраудағы қайғылы оқиғаға байланысты айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев журналистерге қысқаша пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, ол баласымен арнайы ұйымдастырылған кездесу кезінде ғана жүздескен. Алайда әке мен баланың әңгімесі ұзаққа созылмаған.

Самиғолла Сәрсемәлиевтің сөзінше, кездесу бар болғаны бірнеше минутқа ғана жалғасқан. Сол сәтте ол толқып, не айтқанын да толық есіне түсіре алмағанын жеткізді.

"Көрдік. Кездесу ұйымдастырды. Кіріп шықтық. Болды. 5 минут қана. Айтатын сөз де болған жоқ. Не айтып, не қойғанымыз есімде де жоқ. Сөйлей де алмай қалдым. Әлі белгісіз ештеңе. Сот болған жоқ", – деді ол.

Айыпталушының әкесі әзірге нақты ештеңе айту қиын екенін, сот процесінің әлі өтпегенін атап өтті.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы