Ресейдің Сургут қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде лифт ішіндегі пауэрбанк кенеттен жарылып, қыз бала өрт құрсауында қала жаздады. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Baza» Telegram-арнасының мәліметінше, оқыс оқиға Крылов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Кадрлардан қыздың арқасына рюкзак асынып лифтке кіргенін көруге болады. Лифт есігі жабыла салысымен, сөмкенің ішінен жалын лаулап шыға бастаған. Қыз сасқалақтап, рюкзакты дереу еденге тастайды. Бірнеше секундтың ішінде лифт ішін қою түтін басып қалады.
Қыз қатты шошып, есіктерді тоқпақтап, көмек сұраған. Бақытымызға орай, лифт көп кідірместен тоқтап, қыз сыртқа шығып үлгерген.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл оқиғаға қатысты ешқандай шақырту түспегенін мәлімдеді.