Шаурманы жарнамалаған: Астанада полицейге пранк жасағандар 15 тәулікке қамалды

Бүгін, 16:31 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Видеода қыз полиция қызметкерінен суға батып бара жатқан жігітті құтқаруды сұрайды. Тәртіп сақшысы бірден суға жүгіріп түседі, алайда кейін бәрінің шаурманы жарнамалау үшін ұйымдастырылған қойылым екені белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқыс оқиға Ескек есу каналында (Гребной канал) болған. Полиция департаментінің мәліметінше, полицей қызметке бара жатып, көмек сұраған адамдардың өтінішіне дереу жауап берген.

Кейіннен пранкке қатысушылар полицейге кафеге сертификат сыйлаған, алайда олардың бұл әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Сот шешімімен пранкке қатысқандардың біріне 15 тәулік, ал екіншісіне 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Тэгтер:

полиция Пранк шаурма